KazNARU ҰЖЫМЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНДЕ ӘНҰРАНДЫ БІРГЕ ШЫРҚАДЫ
Мемлекеттік рәміздер күні – бұл мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігінің біртұтастығын бейнелейтін, ең асыл, ең қастерлі атрибуттарының бірі.
Қазақстанда Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Гимнді атап өтуге бүкіл халық болып құрмет көрсетеді және салтанатты шараға бір кісідей қатысады.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ұжымы да баршаңызды осы атаулы мерекемен шын жүректен құттықтайды!
Еліміздің күш-қуаты артып еселене берсін, мәртебесі биік болсын! Баршаңызға бейбітшілік, тұрақтылық пен амандық тілейміз!
KazNARU Баспасөз қызметі