KazNARU

KazNARU: КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ БЕЛСЕНДІ ЖАЛҒАСУДА

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің өкілдері белгіленген кестеге сәйкес, Ұлттық бірыңғай тестілеу орталықтарында кәсіби бағдар беру жұмыстарын белсенді жалғастыруда.

✅ Спикерлер мектеп бітірушілерге KazNARU құрамындағы факультеттердің ерекшеліктерін жан-жақты таныстыра отырып, жас түлектер мен олардың ата-аналарына ауыл шаруашылығы мамандықтары туралы ақпараттар таратып, кәсіби бағыт таңдауға көмектесуде.

✅ Атап айтқанда, KazNARU Қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Айнұр Қайырбаева, жауапты хатшы Динара Бекбаева бастаған мамандар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҰБТ аймақтық мемлекеттік комиссиясында тиісті жұмыстарды ұйымдастыруда.

✅ Сонымен қатар, «Жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдік қорғау және карантин» кафедрасының оқытушысы Роза Мажитова, кафедра ассистенттері Айдана Харіпжанова, Милана Сахратова«, Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының профессорлары Бағлан Махамедова мен Ақмаржан Салыкова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ҰБТ алаңында;

✅ KazNARU «Жалпы білім беру» кафедрасының оқытушысы Байнайманова Ж.А. мен Дуз-оглы Г.Р. Абай атындағы педагогикалық университетінің ҰБТ орталығында;

✅ “Фармакология және жануарлар патологиясы” кафедрасының PhD, аға оқытушы Мыржиева А.Б., ассистенті Мухпулова Г.А. және “Клиниқалық пәндер” кафедрасының ассистенті Даниял А.Қ., «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының профессоры Буралхиев Б.А., кафедра профессоры Адылқанова Ш.Р., аға оқытушылар Нургазина З.М. мен Ғабитқызы Г., оқытушылар Бупебаева Л.К. мен Жұмағалиева Г.М., ассистент Спатай Н.Н., Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында орналасқан А.Бұқарбайқызы атындағы орта мектептгі ҰБТ алаңында;

✅ «Бизнес және құқық» Жоғары мектебінің оқытушылары Бейсенбаева М.Т. және Қалшабаева М.Ж. Алматы облысы Есік қаласындағы Райымбек мектебінде ҰБТ-ға қатысқан түлектерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

✅ Кездесулер барысында түлектерге жоғары білім алудың маңыздылығы, KazNARU базасындағы жаңаша білім беру бағдарламалары, әскери кафедрада оқу, жайлы жатақханада тұру, екі дипломға ие болу мүмкіндіктері түсіндірілді.

✅Бұл іс-шаралардың барлығы жастардың өз мамандықтарын дұрыс таңдауына, болашағын айқындауына тікелей ықпалы тиеріне сенім мол. Кәсіби бағдар беру жұмыстары одан ары жалғасуда.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник