«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП – 2025»: МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ИНЖЕНЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР – ТӘЖІРИБЕ ЖҮЗІНДЕ
«Халықаралық жазғы мектеп – 2025» аясында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға арналған инженерлік технологиялар» бағыты бойынша Қазақстанның жетекші агроқұрылымдарының бірі – «Байсерке-Агро» ЖШС базасында көшпелі тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды.
Жазғы мектепке қатысушылар мал шаруашылығындағы инженерлік шешімдерге ерекше назар аударды. Атап айтқанда:
ᴥ ірі қара малды автоматтандырылған ұстау және азықтандыру жүйелері,
ᴥ сүт сауу мен оны салқындатудың заманауи технологиялары,
ᴥ мал қораларындағы микроклимат жүйелері,
ᴥ жануарлардың жағдайы мен азық рационын цифрлық бақылау.
«Байсерке-Агро» ЖШС – бұл көпсалалы агроөнеркәсіптік кешен, оның құрамына мыналар кіреді:
- 1200 сауынды сиырға арналған заманауи сүт фермасы,
- өнім сапасын бақылайтын зертханалық-аналитикалық қызмет,
- голштин тұқымды жоғары өнімді ірі қара мал,
- асылдандыру, ветеринария және табынды басқару саласындағы озық әдістер.
Энергетика, мехатроника, автоматтандыру және цифрлық технологиялар бойынша білім алып жатқан студенттер, магистранттар мен жас мамандар үшін бұл көшпелі тәжірибе – заманауи инженерлік шешімдерді іс жүзінде көру, цифрландыру тиімділігін бағалау және өндірістік ортамен тікелей жұмыс жасауға тамаша мүмкіндік болды.
«Халықаралық жазғы мектеп – 2025» аясындағы мұндай нақты тәжірибеге бағытталған сабақтар – Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне қажетті жаңа буын инженер кадрларын даярлаудың маңызды бөлігі табылады.
KazNARU баспасөз қызметі
#KazNARU #ЖазғыМектеп2025 #ИнженерлікТехнологиялар #ТұрақтыМалШаруашылығы #БайсеркеАгро #АграрлықИнженерия #SmartLivestock #AgroEngineering #ЦифрлықМалШаруашылығы