KazNARU

KazNARU – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ РАДИОСЫНЫҢ ЭФИРІНДЕ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен республикамыздағы бірден-бір ресми ақпарат құралы – Қазақ радиосы өзара әріптестік туралы келісімшарт аясында оқу ордамыздың имиджін қалыптастыру және күнделікті қызметін қоғамға жеткізу мақсатында ақпараттық роликті эфирге шығарды.

✅ Әріптес радио KazNARU туралы роликті бүгін, 2025 жылғы 01 маусым сағ. 08-35 бастап – 21 тамыз аралығында күніне бес рет, екі тілде эфирден беріп отыратын болады.

✅ 1921 жылы 1 қазанда ашылған, ғасырдан аса бай тарихы бар Қазақ радиосы – Қазақстанның жеткен жетістіктері мен халқымыздың рухани, мәдени болмысын, тарихи мұраларын, тілі мен ділін, ел ішіндегі жаңалықтарын тәулік бойы әлемге жеткізетін бірден-бір ұлттық ақпарат құралы.

✅ Сонымен қатар, ел аумағындағы тыңдармандардың 90 пайызын қамти отырып, дүние дүрмегінде болып жатқан сан¬алуан жаңалықтарды да республикамызда ең алдымен жеткізетін осы арна. Шығармашылық жетістіктері үшін көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегері атанған Қазақ радиосының аудиториясы жыл сайын артып келеді.

✅ Алға қойған ортақ мақсатымызға сәттілік тілейміз!

✅ ЖАС ТАЛАПКЕР!

Агроөнеркәсіптік кешен мамандықтары – жастарды табысқа жетелейтін мамандық!

✅ KazNARU-мен бірге шетелдік оқу орнының қос дипломына ие болғың келсе, өз болашағыңды таңда!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник