KazNARU СТУДЕНТТЕРІНІҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯСЫ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Инженерлік технологиялар» факультетінің «Энергетика және электр техникасы» кафедрасының «6В08702 - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету» және «6В07109 - Электротехникалық инжиниринг» БББ 1-ші курс студенттері оқу практикасының жұмыс жоспар кестесіне сәйкес, түрлі электр жабдықтар дайындап шығарумен айналысатын «Нұр-Дим ғылыми – өндірістік орталығы» ЖШС базасына оқу-танымдық экскурсияға барып қайтты.
алматы облысы, қарасай ауданында орналасқан «нұр-дим ғылыми – өндірістік орталығы» жшс негізінен электротехникалық жабдықтар шығаратын кәсіпорынның бірі.
Кәсіпорын директоры Ибрагимов Еркін Жақияұлының айтуынша, электр энергетикасы саласын жақсы игерген мамандар өндірістік процестердің ауқымды қызметіне тікелей араласып, нарыққа өз өнімдерін ұсынып келеді.
Экскурсия барысында студенттер электр жабдықтарын дайындау әдісімен, құрастыру процестерімен танысып, түрлі қондырғылардың жұмыс істеу принциптерін өз көздерімен көрді.
"Энергетика және электр техникасы" кафедрасының білім алушылары үшін мұндай практикалық іс-шаралар кәсіби маман ретінде қалыптасу барысында үлкен ықпал ететіні сөзсіз.
Сонымен қатар, «Нұр-Дим ғылыми – өндірістік орталығы» ЖШС басшылығы болашақ энергетиктерді алдағы уақытта өнідірістік тәжірибеден өтуге шақыра отырып, практика кезеңінде студенттер жайлы жатақханамен қамтамасыз етілетінін айтып өтті.
KazNARU Баспасөз қызметі.