KazNARU

KazNARU СТУДЕНТІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТЫҢ БАС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде өткен студенттердің республикалық ғылыми зерттеу жұмыстары конкурсында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенті Арайлым Қалдаяқ – «Топырақтану және агрохимия» саласы бойынша жүлделі І орыннан көрініп, оқу ордасының абыройын асқақтатты.

✅ Сондай-ақ, жүлделі 2-3 орындарды С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенті Әмір Көпенов, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенті Аружан Елеусізова, Шәкәрім атындағы Семей университетінің студенті Перизат Жүнісбекова, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ студенті Мәдина Көшербек бөлісті.

✅ Конкурс қортындысында жеңімпаз атанған KazNARU студенті Арайлым Қалдаяқ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің I Дәрежелі дипломымен марапатталды.

✅ Мерейі жанған студенттің «Қазақстанның оңтүстік-шығысында алма ағаштарын өсіруде био-тыңайткыштардьң топырақ құрылымына және өсімдікке әсері» атты тақырып бойынша жазған зерттеу еңбегіне белгілі ғалым Жаппарова Айгүл Абсултанқызы жетекшілік жасады.

✅ Студентіміз бен ғылыми жетекшісін республикалық конкурстағы биік жетістігімен құттықтаймыз және алдағы ғылымдағы мақсаттарына жете берулеріне тілектестік білдіреміз!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник