ҰБТ – ШЕШУШІ КЕЗЕҢ БАСТАЛДЫ
Қазір еліміздегі мектеп бітіруші түлектері өз болашағын айқындау мақсатында Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағын тапсыруда. Осыған орай, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор оқытушылар құрамы мен Қабылдау комисссиясының мүшелері ҰБТ тапсыру орталықтарында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жан-жақты жалғастыруда.
Бұл жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес, жүйелі жүргізілуде. Мәселен, «Жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдік қорғау және карантин» кафедрасының оқытушылары Гулнар Жұмадилова мен Айгүл Жубатова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тестілеу орталығында кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Онда меткеп түлектерімен бірге ата-аналар да қамтылды.
«Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры С.Қозықан, аға оқытушы К.М.Мұратбекова және ассистент Т.Б.Ахлан кәсіби бағдар беру аясында Алматы қаласындағы «Перспектива» колледжінде болып қайтты. Колледж директоры Ж.М. Қадырбаева ынтымақтастық жөніндегі меморандумға орай, білім алушылар арасында KazNARU туралы кеңірек ақпарат таратуға қолдау көрсетуде. Колледждегі 409 студенттің биыл 70-і бітіріп жатыр.
Сондай-ақ, «Фармакология және жануарлар патологиясы» кафедрасының оқытушысы А.З.Мауланов, аға оқытушы Қ.А Азизов, қауым. профессоры Ш.Б.Тұржігітова, «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының аға оқытушысы Р.К.Базарбаев және Н.У.Базанова атындағы жануарлар биологиясы кафедрасының аға оқытушысы Ж.М.Өтебаев Шамалған ауылы, А.Бұхарбай қызы атындағы орта мектептегі аймақтық тест орталығында кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.
«Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының профессоры п.ғ.к., Бағлан Махмедова өткен аптада кәсіби бағдар жұмысы аясында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы 24 мектептің түлектерін қамтыды. Бұл маңызды іс-шарада аудандық Білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаев үлкен қолдау көрсетті. Соның нәтижесінде университет туралы бейнефильм көрсете отырып, ақпараттық буклеттер таратуға және талапкерлер тарапынан болған сауалдарға жауаптар қайтаруға мүмкіндік жасалды.
Сонымен қатар, өңірлік басылымдарда, интернет жүйесіндегі әлеуметтік желілерде, телеканал мен радиоларда университет туралы ақпараттар тұрақты жариялануда.
ҰБТ тапсыру орталықтарындағы кәсіби бағдар беру жұмыстары олан ары жалғасуда.
KazNARU баспасөз қызметі