KazNARU

KAZNARU студенттері «Питомник Лукоморье» кәсіпорнында

✅ 2025 жылдың 27 мамырында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Практика және жұмысқа орналастыру бөлімінің ұйымдастырумен профессор-оқытушылар мен «Агробиология» факультетінің студенттері Алматы облысы Талғар ауданындағы «Питомник Лукоморье» ЖШС базасында кәсіби бағыттағы іс-шараға қатысып қайтты.

✅ Аталмыш «Питомник Лукоморье» – 6 гектар контейнерлік алаңы мен 1,5 гектар заманауи жылыжай кешені бар, жылына бір миллионнан астам көшет өсіретін еліміздегі жетекші агроөндірістік ірі кәсіпорын.

✅ Тәжірибе алмасу алаңында жалғасқан іс-шарада кәсіпорын құрылтайшысы Зарина Самигуллина, бас агроном Тимур Юсупов, агроном Эльдар Юсупов және бас инженер Игорь Ибрагимов студенттерге өндірістің барлық кезеңдерін таныстырып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Және қатысушылар тарапынан өздеріне қойылған сұрақтарға жан-жақты тиянақты жауап берді.

✅ Сондай-ақ, кәсіпорын өкілдері дуальды оқыту және кәсіби практика бойынша әріптестік мәселелерді қарастырып, студенттерге өндірістік тәжірибеден өту және болашақта білім алушыларды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

✅ «Агробиология» факультетінің оқытушылары мен жоғары курс студенттері бұл ұсынысты қуана қарсы алып, агробизнес саласында алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде жетілдіру мүмкіндігін тиімді пайдалануды құптады.

✅ Сонымен бірге университет өкілдерін жақсы қарсы алып, тәжірибелік лекция ұйымдастырған «Питомник Лукоморье» ЖШС ұжымына қатысушылар өз ризашылықтарын білдірді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник