KazNARU

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Айтұмар» баспаханасының редакторы ТАЛДЫБАЕВ Мұрат Бекайдарұлы 71-ге қараған шағында кенеттен қайтыс болды

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Айтұмар» баспаханасының редакторы ТАЛДЫБАЕВ Мұрат Бекайдарұлы 71-ге қараған шағында кенеттен қайтыс болды. Ол 1954 жылы 14 ақпанда Талдықорған облысы, Талдықорған ауданы, «Жетісу» ауылында дүниеге келген. Осы ауылда 1971 жылы орта мектепті бітіріп, 1971-1973 жылдар аралығында әскери қарулы күштері қатарында азаматтық борышын атқарды.

Мұрат Бекайдарұлы 1977 жылы Қазақ мемлекеттік университетіне журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1983 жылы журналист мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Шығармашылық еңбек жолын Алматы облыстық «Жетісу» газетінде ауыл шаруашылығы бөлімінде тілші болып бастаған.

1989 жылы наурыз айында Қазақ ауыл шаруашылығы институтына редакциялық баспа ісі бойынша редакторлық қызметке шақырылды. 1989-2024 жылдар аралығында 35 жыл бойы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Айтұмар» баспаханасында өмірінің соңына дейін редакторлық лауазымда жұмыс атқарды. Соңында «Ғұмыр – дүние» атты деректі кітабы мен көптеген публицистикалық мақалалары қалды.

Отбасылы, ержеткен ұлы мен қызы, немерелері бар.

Марқұмның қайтыс болуына байланысты Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ұжымы атынан қайғысын бөлісіп, отбасына көңіл айтамыз.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ұжымы