KazNARU

ҚазҰАЗУ ӘЛЕМНІҢ QS SUSTAINABILITY RANKINGS 2024 РЕЙТИНГІСІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО АРАСЫНДА 5-ші ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ

2023 жылдың 05 желтоқсанында QS Quacquarelli Symonds жоғары білім саласындағы жаһандық талдау агенттігі 2024 жылғы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу саласындағы әлемдегі үздік университеттер рейтингінің жаңа көрсеткіші бойынша QS Sustainability Rankings 2024 қорытындысын шығарды.

Рейтинг аясында 95 елден 1397 ЖОО қатысты.

✅ Бұл тізімдегі орнықты даму мақсаттарын қабылдаған 12 қазақстандық ЖОО арасында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті еліміздегі ең үздік бестіктің қатарынан көрінді. Айта кетейік, әлемдік топ-1000 ЖОО қатарына қазақстандық 5 университет қана енді.

ҚазҰАЗУ жекелеген индикаторлар деңгейінде де жоғары нәтижелер көрсетуде. Мәселен, жоғары оқу орындарының экологиялық әсерді төмендету жөніндегі күш-жігерін бағалайтын «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орнықты даму» индикаторы бойынша біздің университет топ-500-ге кірді.

✅ Әлемнің жоғары оқу орындары арасындағы басқа да индикаторлар бойынша, атап айтқанда, қоршаған ортаны қорғауға қосқан түлектердің үлесі туралы деректерді, операциялық қызмет туралы ақпаратты, ішкі саясат пен ережелерді, қызметкерлердің ұстанымын, басқару тәсілдері мен есептілікті талдау арқылы нәтижелер қабылданды. Осы аталған индикатор аясында рейтингке қатысушы 12 қазақстандық университеттің 11-і әлемнің 600 үздік ЖОО қатарына кіреді.

✅ ҚазҰАЗУ-дың бұл рейтингте жоғары позицияда көрінуі академиялық, зерттеу және әлеуметтік салалардағы жетістіктерін халықаралық деңгейде мойындалудың дәлелі болып табылады.

Сондай-ақ, ҚазҰАЗУ-дың QS Sustainability Rankings 2024 рейтингіндегі тұғырын нығайту университеттің отандық және әлемдік озық ғылыми ұйымдарымен және әлеуетті жұмыс берушілермен жемісті ынтымақтастығымен байланысты.

✅ Қазақстанның жоғары оқу орындары «Басқару моделі», «Қоршаған ортаға әсері» («Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орнықты даму», «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы білім беру» және «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы зерттеулер»), «Қоғамдық ықпал» («Тең жағдай жасау»), «Білім алмасу», «Білім беру және ғылыми қызметтің әсері», «Түлектердің жұмысқа орналасуы» және «Денсаулық және әл-ауқат»)индикаторлары бойынша аса маңызды жетістіктерге қол жеткізді.

✅ Университеттерді «Қоғамдық ықпал», «Қоршаған ортаға әсер ету» және «Басқару моделі» сияқты индикаторлар бойынша бағалай отырып, рейтинг жоғары оқу орындарының қазіргі қоғам алдында тұрған ең өзекті міндеттерді шешуге қосқан үлесін бағалауға бірегей мүмкіндік береді.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.