KazNARU

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНАН БАСТАП ҚазҰАЗУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКАҚЫСЫ КЕМІНДЕ 30 ПАЙЫЗҒА КӨТЕРІЛЕДІ

Алдағы жаңа оқу жылында, 2023 жылдың 1 қыркүйектен бастап Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамы, әкімшілік-басқарушы және оқыту-көмекші персоналдың, бірінші кезекте, рейтингтік бағалау негізінде қызметкерлердің ең белсенді бөлігінің жалақысын 30 пайызға арттыру көзделіп отыр.


Бұл туралы бүгін Басқарма төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА Вице-президенті, академик Ақылбек Күрішбаев декандармен өткізген аппарат мәжілісінде хабарлады.
«Біздің мақсатымыз – қызметкерлеріміздің еңбекақысын еліміздің жетекші университеттерінің деңгейіне көтеру арқылы оқу ордасының әділетті және бәсекеге қабілетті тұғырын күшейту. Осы орайда, барлық тиімсіз шығындарды, оның ішінде, бас артық салалық құрылымдарды қысқарту, штатты оңтайландыру арқылы осындай жағымды нәтижеге қол жеткізіп отырмыз. Үнемделген қаржылардың бір бөлігі ҚазҰАЗУ-дың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, студенттік жатақханаларды жөндеуге, ғимараттардың шатырын жаңартуға, т.б. тиімді шараларға бағытталуда», - деп атап өтті университет басшысы Ақылбек Қажығұлұлы.

 

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник