KazNARU — Қазақстанның Ұлттық аграрлық зерттеу университеті

KURSANT FEST: ҮЗДІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ КӨРМЕСІНЕ KazNARU ӨКІЛДЕРІ БЕЛСЕНДІЛІКПЕН ҚАТЫСТЫ

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің өкілдерінің қатысуымен жер жерде өтіп жатқан кәсіби бағдар беру іс-шаралары одан ары жалғасуда.

2025 жылдың 18 сәуірінде Қаскелең қаласындағы Мәдениет үйінде өткен «KURSANT FEST: Үздік жоғары оқу орындарының көрмесіне» де KazNARU оқытушылары мен студенттік топтары белсенділікпен қатысты.

✅ Іс-шарада ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Емелбаев Руслан Тоқтарбекұлы, Қарасай аудандық білім бөлімі басшысы Еркімбаева Әсел Әблеқызы бүгінгі таңда заманауи жоғары оқу орындарына түсіп, білім алу әрбір жастың арманы екенін және осы жылда болашақ мамандықты дұрыс таңдау аса маңызды екенін атап өтті.

✅ Көрме барысында Қаскелең қаласы мен Қарасай ауданындағы мектептерден 5000-нан астам бітіруші түлектер келіп, оларға 18 ЖОО-ның оқытушылары мен мамандары болашақ мамандық таңдау жөнінде ақыл-кеңестер беріп, құнды бағыт-бағдар көрсетті.

✅ KazNARU «Бизнес және құқық» Жоғары мектебі деканының орынбасары Зейнеп Қайратқызы мен «Ветеринария және Зооинженерия» факультеті «Фармакология және жануарлар патологиясы» кафедрасының аға оқытушысы Қайырбек Үмбетжанов кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында талапкерлерге еліміздегі жетекші аграрлық оқу ордасының озық тәжірибелері мен жаңа білім беру бағдарламалары туралы жаңалықтарды жеткізді.

✅ Сондай-ақ, Мәдениет үйінің ішкі залында 300 “Алтын белгі” иегеріне университеттегі аграрлық мамандықтадың ерекшеліктері туралы бейне ролик көрсетіліп, қосымша ақпараттық парақшалар таратылды. Бітіруші түлектердің ҰБТ және қабылдау ережелері туралы сұрақтарына толықтай жауаптар қайтарды.

✅ Кәсіби бағдар беру іс-шаралары одан ары жалғасады.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник