ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК
112 – төтенше жағдайлар департаментінің Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің телефон нөмірі.
Егер сіз өмірге, денсаулыққа, мүлікке, қоршаған ортаға нақты қауіп төнгенде немесе аталған қауіп-қатерлердің туындауының нақты себебі болғанда шұғыл көмекке мұқтаж болсаңыз ғана осы нөмір бойынша қоңырау шалу қажет.
Қазақстанда 112 нөмірінен басқа барлық шұғыл қызметтердің нөмірлері бар:
- өрт сөндіру қызметі 101,
- полиция 102,
- Жедел медициналық көмек 103,
- авариялық газ қызметі 104.
- Терроризмге қарсы қызметтің тікелей арнасы 110.
ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Сурет: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
- жер сілкінісі кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз
- өзіңізді үрейлендірмеңіз жəне басқалардың дүрбелеңін болдырмаңыз
- терезелер мен шынысы бар арақабырғалардан аулақ болыңыз
- егер сіз бірінші қабаттан жоғары тұрсаңыз, терезелерден немесе қылтималардан (балкондардан)
- секірмеңіз
- жер асты дүмпулері тоқтағаннан кейін үй-жайдан шығып, басыңызды жабыңыз жəне жалаңаш электр сымдары мен басқа да бұзылу салдарынан сақ болыңыз
- жаңа жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз
ЕГЕР СІЗ ҮЙІНДІЛЕРДІҢ АСТЫНДА ҚАЛСАҢЫЗ:
- үрейленбеңіз, құтқару қызметтерінің əрекеттері туралы есте сақтаңыз
- кеңістікте қайда тұрғаныңызды анықтауға тырысыңыз
- үйінділердің астында ұзақ уақыт болған кезде жарылыс немесе газдың таралып кетуіне жол бермеу үшін от жақпаңыз
- су табуға тырысыңыз
- сигнал беріңіз (темірді темірге ұрыңыз: батарея, құбырлар жəне т.б. арқылы).
Өрт- тілсіз жау.
Өрттің қай жерде және қашан шығуын болжау мүмкін емес. Ол кез келген уақытта қауіпсіздік және техникалық ережелерді сақтамаған кезде болып тұратын жайт. Оны болжау да, дәл айту да мүмкін емес.
Сурет: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
- Егер өрт ошағы кішкентай болса, өзіңіз өртті барлық қол жетімді құралдармен өшіруге тырысыңыз: өрт сөндіргіштермен, кез-келген тығыз матамен, құммен, гүл құмыраларының топырағымен, сумен жəне т. б.
- Электр сымының оқшауламасы жанған кезде электр желісін арнайы орыннан өшіріңіз
- Өрт жағдайы туралы көршілерге немесе басқа кабинеттердегі қызметкерлерге дереу хабарлаңыз жəне эвакуацияны бастаңыз
- Электр жабдықтарын өшіріңіз
- Жел кесірінен от қаттырақ жанып кетпеуі үшін есік жəне терезелерді жабыңыз
- Оттан қашыңыз, ештеңені іздемеңіз жəне жинамаңыз
- Қауіпсіз жерге шығыңыз
101 НЕМЕСЕ 112-ге ҚОҢЫРАУ ШАЛҒАН КЕЗДЕ ДИСПЕТЧЕРГЕ НЕ ХАБАРЛАУ КЕРЕК?
- өрттің немесе жанудың мекен жайын;
- өрт нысанын (аулада, пəтерде, қоймада жəне т. б.);
- жанған зат (теледидар, жиһаз жəне т. б.);
- қажет болған жағдайда-кіреберіс, пəтер нөмірі, ғимараттың қабаттылығы жəне өрт қабатын, оған кіруге ыңғайлы жерді, аумаққа кіру кодтары жəне т. б.;
- тегіңіз бен телефоныныңызды.
- НАҚТЫ ЖƏНЕ БАЙСАЛДЫ СӨЙЛЕҢІЗ!
- Күйіп қалған аймақты кем дегенде 10 минут суық су ағынының астында салқындатыңыз.
- Жараға құрғақ дәке таңғышын орап, дәрігерді шақырыңыз.
- Теріге жабысқан затты алып тастауға тырыспаңыз, пайда болған күлдіреуді ашпаңыз және "артық" теріні кесіп алмаңыз – сіз инфекция түсу қаупін тудырасыз. Күйген жерді құрғақ, таза шүберекпен жауып, стерильді таңғышты ораңыз.
- Ешқандай жағдайда май мен өсімдік майын, жұмыртқаның ағын, зәрді пайдаланбаңыз, бұл оның салдарын күрделендіріп, емдеуді қиындатады.
- Қажет болса жедел жәрдем шақырыңыз. Егер бала күйіп қалса, күйіп қалған аймақ күлдіреген болса, дененің бірнеше аймағына әсер етсе, ішкі тіндер көзге көрінетін болса, әрдайым жедел жәрдем шақырыңыз.