Жоба туралы
Жоба жетекшісі

Алдиярова Айнура Есиркеповна
PhD, Қауымдастырылған профессор
Scopus Author ID: 56669794100
Researcher ID: H-2353-2019
ORCID: https://orcid.org/0000-0002-6017-5182
Өзектілігі
Өзен бассейндерінің су ресурстары температураның жоғарылауына және жылдық жауын-шашынның төмендеуіне әкелетін климаттық өзгерістерге ұшырайды. Бұл ауыл шаруашылығы алқаптары мен өзендер ағынының сумен қамтамасыз етілуінің 15-20% - ға төмендеуіне алып келеді, бұл су-ирригациялық (жер үсті және жер асты су ресурстары), жер-ирригациялық (топырақ-жер ресурстары), техникалық-ирригациялық (гидроагро- ландшафты) және экономикалық-ирригациялық ресурстарды (еңбек ресурстары және өндіріс көлемі) әлеуеті қоса алғанда, өзендердің ирригациялық-ресурстық әлеуетінің геоэкологиялық негіздемесінің ғылыми және практикалық орындылығын айқындайды. Суды тұтынудың ұлғаюы және су тапшылығы аймақтың экологиялық, азық-түлік және су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шараларды әзірлеуді талап етеді.
Жобаның идеясы су жинау аумақтарының жағдайын кешенді бағалау, жергілікті халықтың мүдделерін және табиғатты сақтау қажеттілігін ескеріп, ақпараттық-талдамалық база құру мен суару жүйелерінің мониторингілеу болып табылады.
Мақсаты
Өзен бассейндерінің су жинау аумағының ирригациялық-ресурстық әлеуетін бағалау үшін принциптер мен әдіснамалық тәсілдерді өзгермелі климат пен антропогендік қызмет жағдайында су ресурстарының үштік аспектілеріндегі маңыздылығы негізінде: экология (адамның тіршілік ету ортасының сапасын қамтамасыз ету), экономика (қоғамның сатып алу қабілетін арттыру) және қоғам (халықтың әл-ауқатын жақсарту) әзірлеу
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
Жобаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған зерттеулердің негізгі нәтижесі Қаратал өзені бассейні жағдайында аумақтың ирригациялық-ресурстық әлеуетін бағалау үшін сыналған және бейімделген модель болып табылады. Бұл зерттеу су ресурстарын ұтымды пайдалану үшін база құруға, өзен бассейнінің ирригациялық-ресурстық әлеуетін бағалау әдістемесінің алгоритмін әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, қоршаған ортаны сақтау мақсатында ирригациялық-ресурстық әлеуетті рұқсат етілген пайдалануды қамтамасыз ететін геоэкологиялық шектеулер жүйесі құрылатын болады.
Күтілетін нәтижелер ғылыми есептер, ғылыми-әдістемелік әзірлемелер, ақпараттық-талдамалық база, климаттық, гидрологиялық және су шаруашылығы зерттеулерінің деректері, ғылыми негізделген талаптар және ғылыми мақалалар түрінде ұсынылатын болады.
1) Жоба шеңберінде жүргізілген зерттеулердің нәтижелері журналдарда жарияланатын болады, яғни 2 (екі) мақала Web of Science дерекқорындағы импакт-фактор бойынша алғашқы үш квартилдің журналдарында немесе Scopus дерекқорында citescore бойынша процентилі кемінде 50 болатын журналда, сондай-ақ 1 (бір) мақала ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚЕК ұсынылған басылымда.
Мустафаев , Ж., & Алдиярова , А. (2025). Өзен бассейндерінің су жинау алабының ирригациялық-ресурстық әлеуетін бағалау әдістемесі. Izdenister Natigeler, (3 (107), 558–566. https://doi.org/10.37884/3-2025/54
Әлеуетті пайдаланушылар үшін ақпарат
Зерттеу нәтижелері олардың экологиялық-әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін су ресурстарын теңгерімді пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы мен стратегиясын құруға негіз бола алады. Сонымен қатар, өзен су жинау алабының су ресурстарын ұтымды басқару үшін пайдаланылуы мүмкін. Зерттеудің ғылыми нәтижелерімен су шаруашылығы ұйымдары, басқару құрылымдары, сондай-ақ су шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар танысатын болады. Бұл мүдделі тараптар арасында диалог орнатуға және алған білімдерін су ресурстарын басқару практикасына біріктіруге мүмкіндік береді.
Зерттеу тобының мүшесі (ғылыми кеңесші)
Мустафаев Жумахан Сулейменович
т.ғ.д., профессор
Scopus Author ID: 55943688000
Researcher ID: ABD-8918-2020
ORCID: https://orcid.org/0000-0003-2425-8148