Жоба туралы
Жоба жетекшісі

Отарбаев Бауыржан Камалович
ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Scopus Author ID: 58040625900
Researcher ID: rid138622
ORCID: 0000-0002-8280-367Х
Өзектілігі
Паразиттер жүздеген миллион адамды жұқтырып, мүгедектік пен өлім-жітім көрсеткіштерінің айтарлықтай жоғарылауына әкеледі және ауыр әлеуметтік-экономикалық салдар туындатады. Алайда химиялық акарицидтердің уыттылық, қоршаған ортаны ластау және төзімділіктің (резистенттіліктің) қалыптасуы сияқты жағымсыз әсерлері пайда болуына байланысты, паразиттік аурулармен күресудің жаңа құралдарын әзірлеуге бағытталған күш-жігер барған сайын артып келеді. Табиғи өнімдер (ТӨ) және олардың туындылары ғылыми қауымдастықтың назарын ерекше аударуда. Осы жобада Қазақстандағы дәрілік өсімдіктерден фитохимия, медициналық химия, молекулалық биология және паразитология әдістерін қолдану арқылы бөлініп алынатын табиғи өнімдердің құрылымын оңтайландыру нәтижесінде жетекші (перспективалы) қосылыстар алынады.
Мақсаты
Жобаның мақсаты - дәрілік өсімдіктерден табиғи текті 8–10 белсенді қосылысты анықтап/іріктеу, кейін акарицидтік және кенеге қарсы белсенділігі жоғары 2–3 жетекші (перспективалы) қосылысты алу, сондай-ақ жаңа паразитке қарсы құралдарды әзірлеу үшін 1–2 препарат-кандидатты дайындау. Соңғы нәтижесінде клиникалық қолдануға арналған препарат әзірленеді.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктерді дәстүрлі қолдану тәжірибесіне кешенді зерттеу жүргізіп, паразиттерге қарсы белсенділігі бар өсімдіктерге скрининг жасаймыз. Дәрілік өсімдіктердің белсенді ингредиенттері суға еритін және майда еритін компоненттерді тиісінше алу үшін әртүрлі еріткіштерді қолдана отырып экстракцияланады, лиофилизацияланады, содан кейін әрбір компоненттің кенеге қарсы биологиялық белсенділігі алдын ала бағаланады. Паразитке қарсы белсенділігі жоғары алынған компоненттер сұйық фазалы масс-спектрометрия және жоғары тиімді сұйықтық хроматография әдістері арқылы скринингтен өткізіліп, расталады. Осылайша паразиттерге қарсы жетекші қосылыстар, яғни кенеге қарсы 1–2 кандидат-қосылыс алынады.
Әлеуетті пайдаланушылар үшін ақпарат
Бұл жоба - әлемде дәрілік өсімдік ресурстарына сүйене отырып, паразиттерге қарсы белсенді табиғи өнімдерді анықтау және солардың негізінде жаңа паразитке қарсы препараттарды әзірлеу үшін кеңінен қолданылатын дәрі жасау стратегиясы. Жобаның артықшылығы - Қазақстанның бірегей дәрілік өсімдік ресурстары әлі толық зерттеліп, жан-жақты игерілмеген. Сондықтан осы ресурстарды толыққанды зерттеу және олардың негізінде жаңа паразитке қарсы препараттарды жасау Қазақстандағы мал шаруашылығы саласын қамтамасыз ету тұрғысынан аса маңызды.
Зерттеу тобының мүшелері
1. Ильгекбаева Гульназ Дуйсековна
ветеринария ғылымдарының докторы, профессор
Scopus Author ID: 8584173700
Researcher ID: C-3945-2013
ORCID: 0000-0001-7140-2961
2. Дутбаев Ерлан Бозанбайұлы
ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Scopus Author ID: 57191979638
Researcher ID: AAS-6955-2020
ORCID: https://orcid.org/0009-0004-0484-7601
3. Алимов Айтбай Айткенұлы
ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент)
Scopus Author ID: 57220068059
ORCID: https://orcid.org/ 0000-0003-1028-0408
4. Турганбаева Гульнар Елдесбаевна
ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Scopus Author ID: 57222901565
Researcher ID: LKN-6138-2024
ORCID: https://orcid.org/0000-0002-2400-508X
5. Сабырбекова Шынар Касеновна
Ветеринария ғылымдарының магистрі
ORCID: 0000-0002-6290-8474
6. Даниял Аяулым Құрметқызы
Ветеринария ғылымдарының магистрі
ORCID: 0000-0003-4504-3795
7. Занилабдин Мақпал Занилабдинқызы
Ветеринария ғылымдарының магистрі
ORCID: 0009-0000-6710-2368
8. Валиева Баян Азатовна
бакалавр
ORCID: 0009-0004-2263-0940
9. Болатбекулы Нурым
бакалавр
ORCID: https://orcid.org/0009-0004-1987-3466