| Өткізу уақыты: | 13.05.2025 10:05:00 - 13.05.2025 16:05:00 |
2025 жылы 13 мамырда Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласындағы «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-де «АӨК-те инновациялық технологиялар мен техникалық құралдарды тиімді пайдалану (АӨК-тегі кооперация)» тақырыбында оқу семинары өткізілді.
Семинарды жүргізген: Гасанов Халит Мамедович – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті профессоры, техника ғылымдарының кандидаты.
Дәріс тақырыбы аясында:
- Ауыл шаруашылығы өндірісінде инновациялық технологиялар мен техниканы тиімді пайдалану бойынша жинақталған тәжірибе мен білімді тарату;
- Семинар барысында фермерлер мен АӨК мамандарының алған білімдерін меңгеру нәтижелеріне қол жеткізу;
- Қолданыстағы тәсілдермен салыстырғанда инновациялық технологиялар мен техниканың артықшылықтарын дәлелдеу;
- Қойылған мақсаттарға жетудің әдістері мен тәсілдерін түсіндіру;
- Табиғи-климаттық жағдайлар мен өзге де факторларға байланысты зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу жолдарын қарастыру мәселелері қамтылды.
Семинардың практикалық бөлімі қатысушылардың «Мерген» шаруа қожалығының демонстрациялық алаңына баруымен жалғасты.
Семинар қорытындысы бойынша алынған білімге тестілеу жүргізілді, дәріс тақырыптары талқыланды, сауалнама алынып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.