«Біз гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» атты ашық тәрбие сағаты өтті

«Біз гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» атты ашық тәрбие сағаты өтті

2026 жылдың 26 қарашасында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық науқаны аясында «Біз гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің гендерлік теңдік туралы түсініктерін кеңейту, құқықтық сауаттылығын арттыру, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ жастар арасында өзара сыйластық пен қауіпсіз қарым-қатынас мәдениетін дәріптеу.
Іс-шара барысында студенттер тақырыптық презентация ұсынып, арнайы бейнеролик көрсетті. Зорлық-зомбылықтың физикалық, психологиялық, экономикалық және цифрлық түрлері, олардың алдын алу жолдары мен адам құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар интерактивті викторина ұйымдастырылып, күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттық сұрақтар бойынша студенттер өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Іс-шараның мазмұны шығармашылық өнер көрсетілімдерімен толықтырылды.
Іс-шара ИС-24-09к тобының кураторы Чингенжинова Ж. С. мен ИС-24-08к, ИС-25-08к (уск.) топтарының кураторы Байғара Ә. Ә. жетекшілігімен және аталған топ студенттерінің белсенді қатысуымен ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, адам құқықтарын құрметтеуге және университет қабырғасында қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталды.
Зорлық-зомбылықсыз қоғам қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз!
---------Chatbot---------
виртуальный помощник