«IT-технология» кафедрасының ПОҚ ChatGPT Edu бойынша семинарға қатысты
2026 жылғы 28 қазанда «IT-технология» кафедрасының ПОҚ Алишева Ж.Н., Тенгаева А.А., Сапиева Г.Е., Медетбаева С.А., Тойлыбаев Н.С., Нұржаубаева Р.Б., Бердімұрат Ш., Майлыханова Б.А. және Сатыбладиева Ф.Ә. ChatGPT Edu білім беру платформасының мүмкіндіктеріне арналған оқыту семинарына қатысты.
Семинарды Bilim Group компаниясының өкілі Абдулкарим Абдулрахманұлы жүргізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға ChatGPT Edu платформасын оқу үдерісін ұйымдастыруда, білім беру материалдарын әзірлеуде, ғылыми зерттеулер жүргізуде, ақпаратты талдауда және оқытуды дербестендіруде қолдану мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар тиімді сұраныстар құрастыруға, жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалануға, академиялық адалдық қағидаларын сақтауға және деректерді қорғауға ерекше назар аударылды.
Семинарға қатысу оқытушылардың цифрлық құзыреттілігін арттыруға, оқытудың инновациялық әдістерін меңгеруге, сондай-ақ кафедраның білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінде жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етті.