«Жасанды интеллект — болашақтың кілті» атты дөңгелек үстел өтті!

«Жасанды интеллект — болашақтың кілті» атты дөңгелек үстел өтті!

19 қараша күні ПВИИ26-01К тобының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект — болашақтың кілті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — студенттердің жасанды интеллект технологиялары туралы білімін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту және өз пікірін еркін жеткізуге мүмкіндік беру.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар үш кезеңнен тұратын зияткерлік ойында бақ сынап, жасанды интеллектінің мүмкіндіктері, қоғамдағы рөлі мен болашағы туралы пікір алмасты. Іс-шара соңында белсенділік танытып, жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталды.
Танымдық кездесу қызықты әрі мазмұнды өтіп, студенттердің жасанды интеллект саласына деген қызығушылығын арттырды.
Ұйымдастырушы: ПВИИ26-01К тобы
Куратор: Бердімұрат Шұғыла

---------Chatbot---------
виртуальный помощник