«Қорғансыз» спектакліне мәдени-танымдық сапар

«Қорғансыз» спектакліне мәдени-танымдық сапар

2026 жылғы 18 қараша күні МШ-26-02К тобының студенттері топ кураторы, «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Жумагалиева Гулшад Махамбетовнаның жетекшілігімен Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, «Қорғансыз» спектаклін тамашалады.

Спектакль барысында адам тағдыры, қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік, мейірімділік, ар-ождан және адамгершілік мәселелері көркем түрде бейнеленді. Қойылымның мазмұны, актерлердің шебер ойыны мен сахналық көріністер студенттерге ерекше әсер қалдырып, терең ойға жетеледі.

Мұндай мәдени іс-шаралар білім алушылардың рухани дүниесін байытып, өнерге деген қызығушылығын арттыруға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға және адамгершілік құндылықтарды терең түсінуіне ықпал етеді.

Спектакль соңында студенттер қойылымнан алған әсерлерімен бөлісіп, көтерілген мәселелер жөнінде пікір алмасты. Театрға жасалған бұл мәдени-танымдық сапар МШ-26-02К тобының студенттері үшін мазмұнды әрі әсерлі кеш болды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник