KazNARU ЖАТАҚХАНАЛАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТУДЕ

KazNARU ЖАТАҚХАНАЛАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТУДЕ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және жатақханалардағы ішкі тәртіпті сақтау мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осындай іс-шаралардың бірі №1 «Болашақ» студенттік жатақханасында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында білім алушыларға қауіпсіздік талаптары, өрттің алдын алу шаралары, электр құрылғыларын дұрыс пайдалану, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібі және эвакуациялау жолдары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін, кіру-шығу тәртібін сақтау және жеке әрі қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шараның практикалық бөлімінде студенттерге өрт сөндіргіштің жұмыс істеу қағидаты таныстырылып, оны дұрыс әрі қауіпсіз қолдану тәсілдері көрсетілді. Сондай-ақ күтпеген жағдайларда жедел әрекет ету, жауапты қызметкерлерге дер кезінде хабарлау және белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі атап өтілді.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар KazNARU-дың барлық студенттік жатақханасында кезең-кезеңімен ұйымдастырылуда. Олардың негізгі мақсаты – білім алушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайларға дайындығын арттыру және студенттердің қауіпсіз әрі қолайлы ортада өмір сүруіне жағдай жасау.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник