KazNARU-да AGRO IQ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

KazNARU-да AGRO IQ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

2026 жылғы 18 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «AGRO IQ: Білім және болашақ» республикалық интеллектуалдық сайысында жүлделі орындарға ие болған студенттерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

2026 жылғы 12 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған республикалық сайысқа еліміздің аграрлық жоғары оқу орындарынан 12 команда мен 70-тен астам студент қатысты. Іс-шараны «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті ұйымдастырды.

Білім мен тапқырлық сынға түскен сайыста KazNARU студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, екі бірдей жүлделі орынға ие болды. Атап айтқанда, «Ой ордасы» командасы І орын алып, AGRO IQ ауыспалы кубогын жеңіп алса, «АГРО ҚЫРАН» командасы ІІІ орынды иеленді.

Сонымен қатар Германияның DEULA-Nienburg оқу орталығы сайыстың үздік қатысушыларына Германиядағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігін ұсынды.

Салтанатты рәсімде университеттің Басқарма Төрағасы – Ректоры, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Президенті, академик Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевтың атынан Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Гүлмира Алпысбаева студенттерді құттықтап, алғыс хаттар мен мақтау қағаздарын табыстады.

Марапаттау барысында студенттердің терең білімі, ұшқыр ойы, жоғары зияткерлік қабілеті мен командалық бірлігі ерекше атап өтілді. Жеңімпаздардың жетістігі олардың білімге құштарлығының, үздіксіз ізденісі мен табанды еңбегінің нәтижесі екені айтылды.

Студенттік командаларға «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Ұлжан Оңласын жетекшілік етіп, қатысушылармен бірге Астана қаласына барды.

Айта кетейік, AGRO IQ ауыспалы кубогын KazNARU иеленіп, келесі республикалық интеллектуалдық сайысты өткізу құқығына ие болды.

Бұл жетістік университеттің білім беру сапасы мен студенттердің зияткерлік әлеуетін тағы бір мәрте айқындап, болашақ аграрлық мамандардың кәсіби дамуына жаңа серпін берді.

Республикалық сайысқа қатысқан KazNARU командаларының құрамы:

І орын – «Ой ордасы» командасы:

1. Ұлыбек Нұрислам Сағынбекұлы – «Су ресурстарын басқару»;
2. Сагимбаева Дайана Мадиярқызы – «Кадастр»;
3. Бейсен Жайдар – «Менеджмент»;
4. Қадыр Аслан Оразалыұлы – «Ветеринария»;
5. Мелихак Әлішер Талғатұлы – «Агрономия»;
6. Жубанышева Аяулым Темиржановна – «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету».

ІІІ орын – «АГРО ҚЫРАН» командасы:

1. Артықбай Досжан Бақтыбайұлы – «Ветеринариялық медицина»;
2. Тахир Еркежан Абзалқызы – «Кадастр»;
3. Абдулла Назым Анварқызы – «Топырақтану және агрохимия»;
4. Сатыбалды Ердәулет Бердалыұлы – «Су ресурстарын басқару»;
5. Мекен Самат Жандосұлы – «Аграрлық техника және технология»;
6. Думанжан Даниял Думанжанулы – «Су шаруашылығы және мелиорация».

«АГРО ЭРУДИТ» командасы:

1. Шаржау Нұрбақыт Қонисбайұлы – «Ветеринариялық медицина»;
2. Каркеев Темірлан Қали-Асқарұлы – «Гидротехникалық құрылымдарды жобалау»;
3. Тлеуберлі Аружан Алмасқызы – «Кадастр»;
4. Жиенали Бану Шамшидқызы – «Менеджмент»;
5. Сейтнур Мерей Кәрімқызы – «Аграрлық техника және технология»;
6. Тасбулат Мағжан Нысангалиұлы – «Жеміс-көкөніс шаруашылығы».

---------Chatbot---------
виртуальный помощник