«Жануарлар физиологиясы» пәнінен «Тапқырлық» интеллектуалдық ойыны

«Жануарлар физиологиясы» пәнінен «Тапқырлық» интеллектуалдық ойыны

«Жануарлар физиологиясы» пәнінен «Тапқырлық» интеллектуалдық ойыны өтті

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Ветеринария және зооинженерия факультетінде «Жануарлар физиологиясы» пәні бойынша "Ветеринария" білім беру бағдарламасы студенттер арасында «Тапқырлық» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің жануарлар физиологиясы бойынша білімдерін тереңдету, жылдам әрі логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, сондай-ақ олардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру.

Интеллектуалдық сайыс «Жылдам жауап», «Сөзжұмбақ», «Сергіту сәті», «Сәйкестендіру» және «Сөзді тап» кезеңдерінен тұрды. Қатысушылар физиологиялық терминдер мен үдерістерге қатысты сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақ шешіп, ұғымдар мен анықтамаларды сәйкестендіріп, берілген сөздерді топ мүшелеріне түсіндірді. Әр кезеңде командалардың пәндік білімімен қатар шапшаңдығы, тапқырлығы, есте сақтау қабілеті және ұйымшылдығы бағаланды.

Сайыс қорытындысы бойынша:

  • І орын – 25-02 тобының командасы;

  • ІІ орын – 25-06 тобының командасы;

  • ІІІ орын – 25-01 тобының командасы.

25-04, 25-05, 25-07 және 25-08 топтарының командалары белсенді қатысып, білімдері мен ұйымшылдықтарын көрсеткені үшін ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сертификаттар және арнайы сыйлықтар табысталды. Интеллектуалдық ойын студенттердің теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануына, өзара тәжірибе алмасуына және командалық рухты нығайтуына мүмкіндік берді.

Іс-шараны Вет-25-03К тобының студенттері және академик Н.О. Базанова атындағы «Жануарлар биологиясы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы – Исхан Қайрат Жәлелұлы мен Несіпбаева Айгүл Қадырқызы ұйымдастырды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник