«ЖАСТАР ҒЫЛЫМЫ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ»

«ЖАСТАР ҒЫЛЫМЫ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ»

2026 жылғы 9 қарашада №10 оқу ғимаратының 211- аудиториясында «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттерінің қатысуымен «Жастар ғылымы - ел болашағы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - студенттердің ғылымға қызығушылығын арттыру, зерттеушілік қабілеттерін дамыту және мал шаруашылығы саласындағы заманауи ғылыми бағыттар туралы білімдерін кеңейту.

Дөңгелек үстел барысында жастардың ғылымдағы орны, мал шаруашылығы өндірісіне инновациялық технологияларды енгізу, ғылыми ізденістің маңызы және студенттердің зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуы туралы пікірлер айтылды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісіп, қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Іс-шара мазмұнды пікір алмасу алаңына айналып, студенттердің ғылымға деген ынтасын арттыруға және жаңа зерттеу идеяларын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Жастардың ғылымға ұмтылысы - еліміздің жарқын болашағының негізі!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник