ҰСТАЗ ЕҢБЕГІНІҢ ЖЕМІСІ – ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІ

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІНІҢ ЖЕМІСІ – ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (KazNARU) «Ветеринариялық санитария» кафедрасының оқытушылары студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етіп, жас ғалымдардың қалыптасуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің грамоталарымен марапатталды.
Марапат иелері – ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Айтбай Алимов пен кафедраның аға оқытушысы Мирамкуль Ергумарова. Олардың студенттердің ғылыми ізденістерін қолдауға, зерттеу дағдыларын дамытуға және болашақ мамандардың ғылымға қызығушылығын арттыруға бағытталған еңбегі жоғары бағаланды.
Оқытушылардың жетекшілігімен студенттер жоғары оқу орындары арасында жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бағыттары бойынша жыл сайын өткізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсына қатысты.
Атап айтқанда, университет студенті Әсем Мажикен «Тағам қауіпсіздігі» / «Ветеринариялық санитария» білім беру бағдарламасы бойынша конкурстың II кезеңінде III дәрежелі дипломмен марапатталды. Оның ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Мирамкуль Ергумарова.
Бұл жетістіктер – ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің, шәкірттерінің қабілетіне деген сенімі мен ғылымға адалдығының айқын көрінісі. Студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған мұндай жұмыстар университеттегі зерттеу мәдениетін нығайтып, білікті мамандар мен жас ғалымдарды даярлауға ықпал етеді.
Әріптестеріміз бен студентімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Ғылыми ізденістеріңіз табысты болып, шәкірттеріңіздің жетістіктері еселене берсін!
---------Chatbot---------
виртуальный помощник