KazNARU-да СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАМАНДАРЫ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ
2026 жылғы 12–16 қазанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Қазақстанның су ресурстарын басқару, суармалы мелиорация және гидротехникалық құрылыстардың сенімділігі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті.
Бес күндік оқуға Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты «Қазсушар» кәсіпорнының Ақмола және Батыс Қазақстан филиалдарынан 20 маман қатысты. Курс қорытындысы бойынша ұйымдастырушы, KazNARU Халықаралық су орталығының директоры, техника ғылымдарының докторы Анатолий Рябцев тыңдаушыларға сертификаттар табыстады.
Бағдарлама су ресурстарын ұтымды басқару, суармалы жерлерді мелиорациялау және гидротехникалық құрылыстарды қауіпсіз пайдалану бойынша кәсіби білім мен практикалық дағдыларды жетілдіруге бағытталды. Оқу барысында су үнемдеу технологиялары, су пайдалануды цифрландыру, суару жүйелерінің тиімділігін арттыру және гидротехникалық нысандардың техникалық жай-күйін бағалау тәсілдері қарастырылды. Қазақстан Республикасының Су кодексінің негізгі ережелеріне де назар аударылды.
14 қазанда тыңдаушылар Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Малыбай ауылы маңындағы Шелек өзенінде орналасқан бас гидроторапта практикалық сабаққа қатысты. «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» РМК нысанында қатысушылар гидротехникалық құрылыстардың жұмысымен, су ағынын реттеу және тарату ерекшеліктерімен, сондай-ақ заманауи су есепке алу құралдарымен танысты.
Практикалық сабақ барысында су ресурстарын тиімді пайдалану, су шығынын бақылау және су есебін жүргізу мәселелері талқыланды.