СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ: KazNARU ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ҰСЫНЫЛДЫ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ: KazNARU ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ҰСЫНЫЛДЫ

KazNARU-да Солтүстік Қазақстан облысының тұрақты дамуына арналған ғылыми зерттеулердің қорытынды семинары өтті. Кездесу барысында 2024–2026 жылдар аралығында жүргізілген ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелері таныстырылды.

Бағдарлама аясында 72-ге жуық ғалым 12 бағыт бойынша кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу барысында өңірдің негізгі проблемалары анықталып, оларды шешу бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірленді. Атап айтқанда, халық санының төмендеуі, еңбек нарығы және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы, еңбек ресурстары, туризм, жер және су ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық жағдай және аумақтарды дамыту мәселелеріне кешенді талдау жүргізілді.

Бағдарламада заманауи геоақпараттық технологиялар, Жерді қашықтан зондтау әдістері және жасанды интеллект құралдары қолданылды. Солтүстік Қазақстан облысының аумағын кеңістіктік-ландшафтық жоспарлау әдістемесі әзірленіп, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен өңірлік дамуды жоспарлауға арналған цифрлық шешімдер ұсынылды.

Қорытынды семинарға университет ғалымдарымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен бірқатар басқармаларының өкілдері қатысты. Кездесуде ғылыми нәтижелерді өңірдің даму үдерістеріне енгізу және ұсыныстарды практикалық тұрғыдан қолдану перспективалары талқыланды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник