KazNARU СТУДЕНТТЕРІМЕН АГРОБИЗНЕС, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

KazNARU СТУДЕНТТЕРІМЕН АГРОБИЗНЕС, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

Бүгін KazNARU-да Бизнес және құқық жоғары мектебінің студенттерімен PhD экономист, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының экс-депутаты Дәулет Мұқаевпен тағылымды кездесу өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы – «Аграрлық мамандық: агробизнестен қаржыға, құқықтан басқаруға дейін», оның аясында студенттерге аграрлық саланың заманауи мүмкіндіктері мен кәсіби даму бағыттары кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар кездесуде студенттердің күнделікті өмірі мен болашақ кәсіби қызметіне қажетті қаржылық және құқықтық сауаттылық мәселелері де қамтылды. Атап айтсақ, жеке қаржыны тиімді басқару, кіріс пен шығысты жоспарлау, несие міндеттемелеріне жауапкершілікпен қарау, жинақ пен инвестиция бойынша сауатты шешім қабылдау, сондай-ақ еңбек және кәсіпкерлік қатынастардағы құқықтар мен міндеттерді білу мәселелері түсіндірілді.

Кездесу барысында Дәулет Мұқаев студенттерге қаржылық сауаттылықты арттырудың маңызын түсіндіріп, алаяқтық әрекеттерден сақтану, күмәнді ұсыныстарды ажырату және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары бойынша пайдалы кеңестер берді.

«Бәрі, бірінші кезекте, өмірлік тәжірибе. Теорияны айтқаннан гөрі, өзім көп жағдайда практикаға сүйенемін. Өмірде неше түрлі оқиға болады, сол кезде тәжірибе көмектеседі. Сондықтан да студенттерге енді «барды бар, жоқты жоқ» деп айтамын. Өмірдің кейбір сәттерін де қабылдап үйрену керек», – дейді Дәулет Мұқаев.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, агробизнес, қаржы, құқық және басқару бағыттары бойынша тәжірибелік мағлұмат алды.

Тағылымды дәріс студенттердің теориялық білімін практикалық тәжірибемен ұштастырып, кәсіби көзқарасын кеңейтуге мүмкіндік берді.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник