ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК ТҰҒЫРЫ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ ДАМУЫНЫҢ БЕРІК ТҰҒЫРЫ

2026 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде студенттерге «Жаңа Конституция – білім мен ғылым дамуының берік тұғыры» атты кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастарға жаңа Конституцияның маңызын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ білім мен ғылымның ел дамуының маңызды негіздерінің бірі ретіндегі рөлін кеңінен талқылау.

Жиынға факультет декандары, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысты.

Іс-шара барысында Конституцияда айқындалған негізгі қағидаттар, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, жастардың қоғам өміріне белсенді араласуы, сапалы білім мен ғылымды дамытуға бағытталған жаңа мүмкіндіктер жөнінде сөз қозғалды.

Кездесуге қатысушылар мемлекет дамуының жаңа кезеңінде білімді, бәсекеге қабілетті және жауапкершілігі жоғары жас ұрпақтың орны ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар студенттерге елдегі қоғамдық-саяси үдерістерге саналы көзқараспен қарап, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.

Ашық диалог форматында өткен кездесу жастардың азаматтық ұстанымын нығайтуға, Конституцияның қоғам мен мемлекет өміріндегі маңызын тереңірек түсінуге бағытталды.

«Жаңа Конституция – білім мен ғылым дамуының берік тұғыры» тақырыбындағы кездесу студенттердің құқықтық білімін жетілдірумен қатар, ел болашағына деген жауапкершілігін арттыруға және олардың қоғамдық белсенділігін қолдауға ықпал етті.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник