KazNARU ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ САЛТАНАТЫ ЖАЛҒАСУДА

KazNARU ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ САЛТАНАТЫ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 2026 жылғы түлектерге диплом табыстау салтанаты өз жалғасын тауып, «Су ресурстары және IT-технологиялар» және «Инженерлік технологиялар» факультеттерінің бітірушілеріне дипломдар салтанатты түрде табысталды.

Диплом табыстау рәсімі ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің еліміздің жоғары оқу орындарын бітіруші түлектерге арналған бейнеқұттықтауымен басталды. 

Салтанатты рәсім барысында KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректоры, ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА Президенті,  академик Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлының  атынан  жас түлектерді өмірлеріндегі маңызды белеспен құттықтаған Ректордың бірінші орынбасары Пірімқұл Ибрагимов су ресурстарын тиімді басқару, цифрлық технологияларды дамыту және инженерлік шешімдерді өндіріске енгізу бүгінгі күннің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Университеттен  бүгін түлеп ұшқан жас мамандардың елдің тұрақты дамуына қызмет ететініне сенім білдіріп, олардың кәсіби жолына толағай табыс тіледі.

Салтанатты жиынға университеттің Басқарма мүшелері, проректорлар, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, ғылыми құрылымдық бөлімшелердің өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ түлектердің ата-аналары мен жақындары қатысты.

Бітіруші түлектерге дипломдарды Басқарма мүшелері мен проректорлар салтанатты түрде табыстады.

Дипломдарыңыз құтты болсын, қадірлі жас түлектер! Ақ жол, толағай табыс және жарқын болашақ тілейміз!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник