KazNARU-да HARVARD BUSINESS IMPACT ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

KazNARU-да HARVARD BUSINESS IMPACT ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде жоғары оқу орындарына арналған Harvard Business Impact цифрлық оқыту платформасының мүмкіндіктері таныстырылды.
Кездесуге Harvard Business Impact атынан даму жөніндегі директор Бақытжан Оспанәлі және «National Geographic» журналы редакциясының басқарушы директоры Қанат Абашов қатысты.
KazNARU-дан халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Абазов Рафис Фанисович, Қабылдау комиссиясының директоры Қайырбаева Айнұр Елтайқызы, академиялық мәселелер жөніндегі директор Бақтымбет Сәуле Серікқызы, персоналмен жұмыс жөніндегі басқарма бастығы Оспанова Алия Жақановна, Бизнес және құқық жоғары мектебінің деканы Ажинурина Динара Ажинуровна және кафедра меңгерушілері болды.
Таныстырылым барысында университет өкілдеріне басқару және көшбасшылық дағдыларды дамытуға бағытталған халықаралық білім беру шешімдері ұсынылды. Атап айтқанда, Harvard ManageMentor платформасындағы практикалық курстар мен HBR Spark жасанды интеллект негізіндегі жеке оқу көмекшісінің мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында заманауи басқару мәдениетін дамыту, академиялық және әкімшілік персоналдың кәсіби құзыреттерін арттыру, сондай-ақ цифрлық трансформация жағдайында көшбасшылық дағдыларды жетілдіру мәселелері талқыланды.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник