KazNARU АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНАН КЕЛГЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

KazNARU АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНАН КЕЛГЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

2026 жылғы 24 маусымда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне Ақтөбе облысынан бір топ талапкер арнайы келіп, университеттің білім беру мүмкіндіктерімен танысты.
Қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы талапкерлерге KazNARU-дың білім беру бағдарламалары, қабылдау тәртібі, оқу үдерісі және студенттерге жасалған мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берді.
Бағдарлама аясында қонақтар университет музейі, оқу-зертханалық базасы және заманауи лабораторияларымен танысты. Сондай-ақ талапкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, болашақ мамандықтарын таңдауға қатысты қажетті мәліметтермен танысты.
Кездесу нәтижесінде Ақтөбе облысынан келген талапкерлердің бір тобы KazNARU-ды өздерінің болашақ оқу орны ретінде таңдап, құжат тапсыруға ниет білдірді.
 
KazNARU Баспасөз қызметі
---------Chatbot---------
виртуальный помощник