ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТЫҢ «ЕЛЕҢ-АЛАҢ» РОМАНЫ KazNARU ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫ ҚОРЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТЫҢ «ЕЛЕҢ-АЛАҢ» РОМАНЫ KazNARU ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫ ҚОРЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

2026 жылғы 10 маусымда KazNARU Ғылыми кітапханасында көрнекті жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романының қазақ тілінде қайта басылып шыққан басылымын кітапхана қорына қабылдауға арналған мәдени іс-шара өтті. Игі бастама «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның қолдауымен жүзеге асырылды.
Іс-шараны KazNARU-дың Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Г.Е. Алпысбаева ашып, қатысушыларды айтулы оқиғамен құттықтады. Ол өз сөзінде кітап оқу мәдениетін дамыту жастардың дүниетанымын кеңейтіп, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға және ұлттық мұраны дәріптеуге ықпал ететінін атап өтті.
Сонымен қатар, заманауи форматтағы кітапханалар мен Ұлттық цифрлық кітапхана білімге қолжетімділікті арттырып, «Зерделі ұлт» тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды тетігіне айналып отырғанын жеткізді.
Кездесу барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ өкілі Динара Сыдыкова сөз сөйлеп, Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романын Қазақстанның жоғары оқу орындарына сыйға тарту ұлттық мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға бағытталған маңызды бастама екенін айтты. Оның пікірінше, бұл шығарма студенттердің халқымыздың тарихын, рухани құндылықтары мен ұлттық дүниетанымын тереңірек танып-білуіне мүмкіндік береді.
Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты. Кездесу аясында Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романының даналары Ғылыми кітапхана қорына салтанатты түрде табысталды.
Іс-шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, ұлттық әдеби мұраны дәріптеуге бағытталған игі бастаманың маңыздылығын атап өтті.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник