KazNARU ҒАЛЫМЫ НАНКИНДЕ ӨТІП ЖАТҚАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТОПЫРАҚТАНУ КОНГРЕСІНЕ ҚАТЫСУДА

KazNARU ҒАЛЫМЫ НАНКИНДЕ ӨТІП ЖАТҚАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТОПЫРАҚТАНУ КОНГРЕСІНЕ ҚАТЫСУДА

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының профессоры Айгүл Абсултановна Жаппарова Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан WCSS 2026 – 23-ші Дүниежүзілік топырақтану конгресіне қатысуда.
Әлемнің түкпір-түкпірінен келген жетекші ғалымдар бас қосқан халықаралық ғылыми алаңда KazNARU профессоры Қазақстан атынан баяндама жасайды. Ғалымның баяндамасы 11 маусым күні «Soil Science Education in Kazakhstan Universities: Strengthening Soil and Geological Literacy for Sustainable Land Management» тақырыбында ұсынылады. Баяндама Қазақстан жоғары оқу орындарында топырақтану білімін дамыту, топырақ және геологиялық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ жер ресурстарын тұрақты басқаруға бағытталған ғылыми-әдістемелік мәселелерді қамтиды.
Конгресс аясында профессор Айгүл Жаппарова халықаралық әріптестерімен тәжірибе алмасып, топырақтану ғылымының қазіргі даму бағыттары, білім беру жүйесіндегі жаңа тәсілдер және ауыл шаруашылығына арналған инновациялық шешімдер бойынша ғылыми пікірталастарға қатысуда.
Сонымен қатар, Нанкинде конгреспен қатар топырақ зерттеулері мен ауыл шаруашылығына арналған заманауи технологиялар, зертханалық жабдықтар және агротехнологиялық шешімдер ұсынылған ірі халықаралық көрме өтуде.
 
Іс-шара барысында KazNARU профессоры Халықаралық топырақтанушылар одағының қазіргі президенті, профессор Виктор Чудемен кездесіп, жаһандық ғылыми қауымдастықтағы ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.
Мұндай халықаралық ғылыми жиындарға қатысу KazNARU ғалымдарының әлемдік ғылыми кеңістіктегі белсенділігін арттырып, университеттің топырақтану, агроэкология және тұрақты жер пайдалану салаларындағы ғылыми әлеуетін кеңінен танытуға мүмкіндік береді.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник