KazNARU БЕЙЖІҢ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ BEIDAZHIHUI КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде (KazNARU) Бейжің университетінің Beidazhihui компаниялар тобының делегациясымен кездесу өтті.
.jpeg)
KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары, профессор Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы делегацияны қабылдап, университеттің цифрлық трансформациясын дамытуға бағытталған бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, «Ақылды кампус» (Smart Campus) жобасы аясындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды. Университеттің қажеттіліктері мен қолданыстағы материалдық-техникалық базасын ескере отырып, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу және кешенді инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Сондай-ақ цифрлық білім беру технологиялары саласындағы әріптестік мәселелері қозғалып, студенттерге арналған білім беру платформаларын әзірлеу, инновациялық технологияларды оқу үдерісіне енгізу және тәжірибе алмасу бағыттары бойынша пікір алмасты.
KazNARU тарапынан кездесуге Басқарма Төрағасы- Ректордың орынбасары Сұлтанғазиев Қуат Елеусізұлы, Қазақстан-Қытай орталығының директоры Иманмади Думан, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Бақтымбет Сәуле Серікқызы, Халықаралық кеңсе жетекшісі Абдраманов Абзал Асқарбекұлы және IT департаментінің директоры Мейманқожаев Бекмухамбет Рысбаевич қатысты.
.jpeg)
Ал Қытай делегациясының құрамында Beidazhihui компаниясының вице-президенті Ма Цин, Beijing Tianpu Century Technology компаниясының төрағасы Ху Яньу және Hikvision компаниясының өкілі Цзян Чжоу болды.
Кездесуде ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. «Hikvision» компаниясының өкілі Цзян Чжоумен университеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктері және осы бағыттағы ықтимал ынтымақтастық жолдары талқыланды.

Бұдан бөлек, келесі оқу семестрінде қытай тілін оқытуды ұйымдастыру және дамыту мәселелері, сондай-ақ дайындық бөлімінің математика мен тілдік бағыттар бойынша foundation бағдарламаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар қарастырылды.
.jpeg)
Іс-шара аясында Beidazhihui компаниялар тобының, Beijing Tianpu Century Technology және Hikvision компанияларының басшылары KazNARU-дың тиісті құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерімен кәсіби кездесулер өткізіп, өзара ынтымақтастықтың нақты бағыттарын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар білім беру, цифрландыру және технологиялық инновациялар салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін жеткізді.
KazNARU Баспасөз қызметі


.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)


