KazNARU-ДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КӨҢІЛДІ ЭСТАФЕТА ӨТТІ
2026 жылғы 15 мамырда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Халықаралық отбасы күніне орай Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының ұйымдастыруымен «Әке, ана және мен» атты көңілді эстафета өтті.
.jpeg)
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы мүшелері арасындағы өзара сыйластық пен бірлікті нығайту, балалар мен ата-аналардың бірге уақыт өткізуіне мүмкіндік жасау, ойын арқылы қарым-қатынасты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар эстафета отбасы құндылықтарын дәріптеп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады.
.jpeg)
Көңілді эстафетаға Ержігітов Еркін Сабыралиевич жұбайы Сәуле және қыздары Сезіммен, Шыныбеков Мұрат Кенжебекұлы жұбайы Гаухар және ұлдары Әмірмен, Әбдірахымов Нет Әбдірахманұлы жұбайы Нағима және қыздары Аминамен, Жалелов Дулат Бейбітұлы жұбайы Ұлжалғас және қыздары Динамен, Турабеков Манас Рамазанұлы жұбайы Айдана және ұлдары Аятпен бірге қатысты.

.jpeg)
Қатысушылар түрлі спорттық тапсырмаларды орындап, ептілік, жылдамдық, ұйымшылдық және өзара қолдау көрсету бойынша бақ сынады. Әріптестерінің отбасыларын қолдауға келген жанкүйерлер де жарыстың қызықты әрі тартысты өтуіне ерекше серпін берді.

KazNARU-да өткен бұл іс-шара отбасы бірлігін нығайтуға, балалар мен ата-аналар арасындағы жылы қарым-қатынасты арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болды.
KazNARU Баспасөз қызметі
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
