KazNARU ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ ЖОО АРАСЫНДАҒЫ ТУРНИРДЕ ЖҮЛДЕЛІ 3-ОРЫН ИЕЛЕНДІ
2026 жылғы 12–13 мамыр күндері Алматы қаласының жоғары оқу орындары арасында Тұран университеті Ректорының кубогына арналған турнир өтті.
Аталған спорттық додаға қатысқан Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің құрама командасы жоғары дайындық пен командалық ұйымшылдық танытып, жүлделі 3-орынды иеленді.
Сонымен қатар KazNARU командасының ойыншысы Игілік Ақиқат турнир қорытындысы бойынша «Үздік қорғаушы» номинациясына ие болды.
Университет ұжымы спортшыларымызды жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейді.
Баспасөз қызметі

