KazNARU-ДА ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН «БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТТІ

KazNARU-ДА ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН «БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТТІ

2026 жылғы 12 мамырда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Су ресурстары және IT технологиясы» факультетінің ұйымдастыруымен түлектерге арналған дәстүрлі «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті.
Іс-шара студенттер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтуға, жас мамандарды еңбек нарығына бейімдеуге және олардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталды. Жәрмеңке факультет ұжымының үйлесімді жұмысы мен жоғары ұйымдастырушылық деңгейінің нәтижесінде табысты өтті.
Жәрмеңкеге еліміздің түрлі салаларындағы жетекші компаниялар мен ұйымдар қатысты. Олардың қатарында UMAG, Jet Power Bank, «Алматы Су» МКК, «Институт Казгипроводхоз» ЖШС, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» РМК филиалдары, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Ұлттық гидрогеологиялық қызмет «Қазгидрогеология» КеАҚ Алматы филиалы және басқа да ұйымдар болды.
Іс-шара барысында студенттер жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, бос жұмыс орындары, тағылымдама бағдарламалары, кәсіби даму және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды. Өз кезегінде компания өкілдері болашақ жас мамандардың дайындық деңгейімен танысып, әлеуетті қызметкерлерді іріктеу мүмкіндігіне ие болды.
Жәрмеңке аясында қатысушылар арасында ашық диалог орнап, бірқатар студенттер тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу бойынша алдын ала ұсыныстар алды.
KazNARU білім мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға, түлектердің еңбек нарығында сұранысқа ие маман ретінде қалыптасуына және табысты мансап құруына қолдау көрсетуді жалғастырады.
KazNARU Баспасөз қызметі
---------Chatbot---------
виртуальный помощник