SMART AGROSCIENCE: KazNARU-да ЖАС ҒАЛЫМДАР МЕН СТУДЕНТТЕР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

SMART AGROSCIENCE: KazNARU-да ЖАС ҒАЛЫМДАР МЕН СТУДЕНТТЕР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

2026 жылғы 5 мамырда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Smart AgroScience: жас ғалымдардың зерттеулері мен инновациялары» атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ашылу салтанаты өтті.
Пленарлық отырысты ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, Басқарма төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары Пірімқұл Шолпанқұлұлы Ибрагимов ашып, конференцияның жас зерттеушілер үшін маңызын атап өтті.
Өз сөзінде ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен елімізде ғылымды дамытуға ерекше назар аударылып отырғанын, соңғы жылдары ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаржы көлемі 3,5 есеге артып, 390 млрд теңгеден асқанын жеткізді. Сонымен қатар жас ғалымдарды әлеуметтік қолдау бағытында да жүйелі шаралар қабылданып жатқанын айтты.
Халықаралық конференцияға Германия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Пәкістан, Өзбекстан және Әзербайжан мемлекеттерінен 38 ұйымның жас ғалымдары, студенттері мен сарапшылары қатысты. Қатысушылар агроөнеркәсіптік кешендегі өзекті мәселелерді талқылап, ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер мен инновациялық шешімдер бойынша пікір алмасты.
Конференцияның негізгі мақсаты – жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-шығармашылық белсенділігін арттыру, зерттеушілік құзыреттерін дамыту, оларды заманауи ғылымның басым бағыттарына тарту, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен мен ұлттық экономиканың индустриялық-инновациялық дамуына үлес қосу.
Екі күнге жалғасатын конференция аясында 6 секциялық отырыс ұйымдастырылды. Олар тұрақты ауыл шаруашылығы және экология, ветеринария, зооинженерия және биотехнология, су ресурстары және IT технологиялар, орман шаруашылығы және жер ресурстары, АӨК-дегі инженерлік және тағам технологиялары, сондай-ақ аграрлық экономиканың инновациялық дамуы және цифрлық трансформациясы бағыттарын қамтыды.
Секциялық отырыстарға 200-ден аса ғылыми мақала ұсынылып, онлайн және офлайн форматта 70 баяндама жасалды. Әр секция бойынша үздік баяндамашылар анықталды.
Конференция қорытындысы бойынша ISBN нөмірі берілген ғылыми мақалалар жинағы жарық көреді.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник