KazNARU-да «ҮЙІРЛІ ЖЫЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» ОҚУ ҚҰРАЛЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
2026 жылғы 5 мамырда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде көрнекті ғалымдар Төрехан Айбын Әдепханұлы мен Бегімбеков Қырғызбай Нұрғазыұлының «Үйірлі жылқы шаруашылығы» атты ғылыми-оқу құралы ресми түрде таныстырылды.


Іс-шараны KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы жүргізіп, аталған еңбектің ұлттық аграрлық ғылымды дамытудағы және дәстүрлі жылқы шаруашылығын ғылыми тұрғыда зерделеудегі маңызын атап өтті.
.jpeg)
«Үйірлі жылқы шаруашылығы» оқу құралы – қазақ халқының дәстүрлі жылқы өсіру тәжірибесін қазіргі ғылыми негіздермен ұштастырған іргелі еңбек. Кітапта жылқының эволюциясы мен қолға үйретілу тарихы, үйірлі жылқы шаруашылығының биологиялық негіздері, табын құрылымы, үйір құру, айғырдың рөлі, биелерді құлындату, жас төлдерді өсіру және селекциялық жұмыстардың ерекшеліктері жан-жақты қамтылған.
Төрехан Айбын Әдепханұлы – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының құрметті профессоры, А.И. Бараев атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Ол мал шаруашылығы саласындағы 30 селекциялық жетістік пен 600-ге жуық ғылыми еңбектің авторы.
Бегімбеков Қырғызбай Нұрғазыұлы – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор. Ғалымның ғылыми еңбектері мал шаруашылығы, селекция және зоотехния салаларына арналған. Ол ұзақ жылдар бойы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде дәріс беріп, аграрлық салаға қажетті білікті мамандар даярлауға елеулі үлес қосқан.
Таныстыру рәсіміне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Анас Ахатұлы Баққожаев, аграрлық ғылым саласының белгілі ғалымдары, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жылқы шаруашылығының тәжірибелі мамандары, университеттің профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты. Сонымен қатар, бірқатар құрметті қонақ бейнебайланыс арқылы қосылып, авторларға ізгі тілектерін жеткізді.
Рецензенттер Ахмет Уәлиханұлы Тоқтабай мен Кеңесхан Ыдырысұлы Дүйсембаев еңбектің ғылыми деңгейін жоғары бағалап, оның дәстүрлі жылқы шаруашылығын тарихи-этнографиялық, биологиялық және селекциялық тұрғыдан жүйелеген маңызды оқу құралы екенін атап өтті.
Аталған оқу құралы қазақы дәстүр мен заманауи ғылымды сабақтастыра отырып, отандық жылқытану ғылымының дамуына қосылған маңызды үлес болып табылады.
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
