РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА KazNARU СТУДЕНТТЕРІ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА KazNARU СТУДЕНТТЕРІ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

2026 жылдың 29-30 сәуір аралығында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті базасында В076 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)» білім беру бағдарламалары тобы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында оффлайн форматта XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.
Аталған олимпиадаға Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі кафедрасының 6В07501 – «Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша)» білім беру бағдарламасының студенттері белсенді қатысып, өздерінің теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларының жоғары деңгейде екенін көрсетті. Олимпиада барысында қатысушылар кәсіби бағыттағы күрделі тапсырмаларды орындап, стандарттау, сертификаттау және метрология салалары бойынша терең білімдерін дәлелдеді.
Атап айтқанда, студентіміз Сабурбай Аяна Маратқызы «Стандарттау, сертификаттау және метрология» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізіп, II дәрежелі диплом иегері атанды. Бұл жетістік – студенттің табандылығы мен білімге деген жауапкершілігінің, сондай-ақ жетекшісінің сапалы даярлығының айқын көрінісі.
Сонымен қатар, олимпиадаға қатысқан студенттер мен олардың ғылыми жетекшісіне белсенді қатысқаны және жоғары деңгейдегі дайындық көрсеткені үшін Алғыс хаттар табысталды. Бұл марапаттар білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға деген ұмтылысын және оқу орнының сапалы білім беру жүйесін айқындайды.
Жалпы алғанда, аталған олимпиада студенттердің кәсіби дамуына серпін беріп, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ еліміздің жетекші жоғары оқу орындары арасындағы тәжірибе алмасуды нығайтуға үлкен мүмкіндік жасады. Осындай білім сайыстары болашақ мамандардың біліктілігін шыңдап, олардың ғылым мен өндіріс саласында табысты қызмет атқаруына негіз қалайды.
 
---------Chatbot---------
виртуальный помощник