1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ

1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ

2026 жылдың 29 сәуірінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Ветеринария және зооинженерия факультетінің «Зооинженерия және биотехнология» кафедрасы оқытушылары Жұмағалиева Г.М., Қадыкен Р. және Баймәжі Е.Б. ұйымдастыруымен «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне» арналған тәлім-тәрбиелік мәні зор мерекелік іс-шара өткізілді.

1 мамыр – еліміздегі барлық ұлт пен ұлыстың татулығы мен достығын дәріптейтін ерекше мереке. Бұл күн – түрлі мәдениеттер мен дәстүрлер тоғысқан, ынтымақ пен өзара сыйластықтың символына айналған маңызды дата.

Студенттер үшін бұл мереке тек демалыс күні ғана емес, сонымен қатар көпұлтты қоғамдағы бірліктің қадірін түсінуге, достық қарым-қатынасты нығайтуға және ортақ құндылықтарды құрметтеуге мүмкіндік береді.

Іс-шараға Вет 24-12 және Вет 24-13 топтарының студенттері белсенді қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік кеш барысында түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлері таныстырылып, ән мен би арқылы халықтар достығы кеңінен насихатталды.

Мұндай тағылымды іс-шаралар студенттердің бір-біріне деген құрметін арттырып, ортақ Отанымыз – Қазақстанның болашағы үшін бірлік пен ынтымақта еңбек етуге жігер береді.

KAZNARU баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник