Хабарландыру! KazNARU-да ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ӘДІСНАМАСЫ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТЕДІ
2026 жылғы 6 мамыр күні сағат 10:00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Ғылыми зерттеу әдіснамасы: идеядан диссертацияға дейін» тақырыбында шеберлік сағаты өтеді.
Шеберлік сағатын медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Өмір және денсаулық туралы ғылымдары орталығының басшысы Есіркепов Марлен Махмудович өткізеді.

Іс-шара барысында ғылыми зерттеу жүргізудің негізгі кезеңдері, зерттеу идеясын қалыптастыру, ғылыми әдіснаманы дұрыс таңдау, диссертациялық жұмыстың құрылымы мен сапасын арттыру мәселелері қарастырылады.
Өтетін күні: 6 мамыр 2026 жыл
Уақыты: 10:00
Өтетін орны: Бас ғимарат, Wageningen 01 аудиториясы
Барлық қызығушылық танытқан оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен жас ғалымдарды қатысуға шақырамыз.