СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 11-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 11-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті базасында Солтүстік Қазақстан облысының 11-сынып оқушыларымен «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» тақырыбында кәсіби бағдар беру бағытында офлайн және онлайн форматта кездесу өтеді.
Кездесу барысында талапкерлерге университеттің білім беру бағдарламалары, оқу мүмкіндіктері, қабылдау шарттары және студенттік өмір туралы жан-жақты ақпарат ұсынылады.

📅 Өткізу күні: 22.04.2026 ж.
⏰ Уақыты: 12:00
📍 Өткізілетін орын:
KazNARU, бас ғимарат, Ситуациялық орталық
(офлайн және онлайн форматта)

👥 Қатысушылар:
Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары мен сынып жетекшілері, профориентологтар, мектеп оқушылары, KazNARU басқармасы, факультет декандары, профессорлық-оқытушылар құрамы және білім алушылар.

🎤 Модератор:
Қабылдау комиссиясының директоры, э.ғ.к., профессор

Қайырбаева Айнұр Елтайқызы

 
🔗 ZOOM конференциясына қосылу:
🆔 Конференция идентификаторы:
🔐 Қатысу коды: 
---------Chatbot---------
виртуальный помощник