KazNARU СТУДЕНТТЕРІ «ОРТА АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
«Экология» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері Бердиева Меруерт Бекмұратқызы және Абубакирова Аяулым Мұхтарқызы «ОРТА АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты халықаралық байқауына қатысып, жоғары жетістіктерге қол жеткізді.
.jpeg)
Байқау қорытындысы бойынша студенттер «ОРТА АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» төсбелгісімен, арнайы куәлікпен, естелік статуэткамен және І дәрежелі халықаралық дипломдармен марапатталды.
Студенттердің ғылыми және шығармашылық жетістіктеріне жетекшілік жасаған Жайлибаева Ляззат Асылбековна Алғыс хатпен марапатталды.

.jpeg)

.jpeg)
