“Экология саласындағы цифрлық жобалар мен стартаптар” тәрбиелік іс-шара!
ИС-25-06К және ИС-25-07К топтарының кураторлары Тенгаева Айжан Абденовна мен Байғара Әсем Әбенқызының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» жобасы аясында “Экология саласындағы цифрлық жобалар мен стартаптар” тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында студенттер экология мәселелерін заманауи технологиялар арқылы шешудің жолдарын ұсынып, цифрлық жобалар мен стартап идеяларын таныстырды. Қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және инновациялық ойлау қабілетін дамыту басты назарда болды.
Кеш барысында әсем әндер шырқалып, көркем билер орындалды.
🇰🇿 Іс-шара соңында барлық студенттер бірлесе отырып «Атамекен» әнін хор болып орындап, ерекше рухани атмосфера сыйлады.
Жастар – ел болашағы! Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз!


.jpeg)
.jpeg)