Іле Алатауының биоәртүрлілігі: Ғылым күні аясындағы танымдық семинар
2026 жылғы 7 сәуірде Орман шаруашылығы және жер ресурстары факультетінде Ғылым күніне арналған онкүндік шаралар аясында «Іле Алатауының биоәртүрлілігі» атты семинар өткізілді. Аталған семинар ҚазҰАЗУ Ғылым департаменті директоры А.А. Султанов, факультет деканы Д.Н.Сарсекова, Орман ресурстары, аң шаруашылығы және аквакультура кафедрасының меңгерушісі А.А.Копабаева, Іле –Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми зерттеу жұмыстары және таулы биоәртүрлілік бөлім басшысы С.А. Усербаеваның бастауымен осы мекеменің бірқатар мамандарының қатысуымен және Ландшафттық дизайн және көгалдандыру кафедрасының меңгерушісі И.К. Майсупованың ұйымдастыруымен өткізілді.
6В08304 - Ландшафттық дизайн және көгалдандыру мен 6В08302 - Орман ресурстары және орман шаруашылығы БББ студенттері қатысқан семинар нәтижесінде студенттер Іле-Алатау өңірдегі флора мен фаунаның әртүрлілігі, Қызыл кітапқа енгізілген эндемикалық, реликттік және сирек кездесетін түрлер, Орманды қорғау, молайту және ландшафтылы орналастыру, экологиялық ағарту және рекреациялық мониторинг туралы тың ақпараттар алып, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қазіргі таңда жүргізіліп жатқан ғылыми жұмыстар мен бағытарымен танысты.
Қатысушылар Іле Алатауының экожүйесіне туризмнің, урбанизацияның және климаттың өзгеруінің әсерін қоса алғанда, антропогендік әсерді талдау дағдыларын алды, сонымен қатар, табиғатты қорғау қағидаларымен, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс істеуімен, биологиялық әртүрлілікті сақтау стратегиясымен және халықаралық экологиялық бастамалармен танысты. Семинар нәтижесінде білім алушыларда экологиялық талдау, табиғат қорғауды жоспарлау және табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану саласындағы құзыреттер қалыптасты.










