ҚазҰАЗУ | КазНАИУ | KazNARU

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕДЕУ АУДАНЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ АКЦИЯСЫ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Алматы қаласы Медеу ауданы мектеп оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру акциясы аясында 2026 жылғы 06 сәуір – 24 маусым аралығында жұмыс күндері сағат 09:00–14:00 аралығында кездесулер өткізілетінін хабарлайды.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті 9–11 сынып оқушыларын болашақ мамандықты дұрыс таңдауға және білім беру траекториясын айқындауға бағытталған кәсіби бағдар беру акциясына қатысуға шақырады.
Іс-шара офлайн форматта өткізіліп, қаладағы жетекші оқу орындарының өкілдері, соның ішінде KazNARU қатысуымен өтеді.

📅 Күні: 2026 жылғы 08 сәуір
Уақыты: 08:30 – 17:30
📍 Өткізу орны:
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Зенков көшесі, 15/41
«Жанұяны қолдау орталығы»

АКЦИЯ АЯСЫНДА:
— KazNARU білім беру бағдарламаларының таныстырылымы;
— оқуға түсу шарттары туралы ақпарат;
— академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері;
— студенттік өмірмен таныстыру;
— мамандық таңдауға қатысты кеңестер.

Университеттің кәсіби бағдар беру жұмысы оқушылардың саналы түрде мамандық таңдауына және жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттануын арттыруға бағытталған.
---------Chatbot---------
виртуальный помощник