ХАБАРЛАНДЫРУ! ХVIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА
2026 жылғы 28–29 сәуір күндері «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы базасында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасында ХVIII Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі өтеді.
Олимпиада келесі білім беру бағдарламалары бойынша ұйымдастырылады:
-
В077 Өсімдік шаруашылығы
(Агрономия, Жеміс-көкөніс шаруашылығы, Өсімдік қорғау және карантин); -
В079 Орман шаруашылығы
(Орман ресурстары және орман шаруашылығы, Ландшафттық дизайн және көгалдандыру, Аңшылықтану және аң шаруашылығы); -
В082 Су ресурстары және суды пайдалану
(Су ресурстарын басқару, Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау); -
В083 Ветеринария
(Ветеринария, Ветеринариялық медицина, Ветеринариялық санитария); -
В046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі
(Бағалау); -
В183 Агроинженерия
(Аграрлық техника және технология).
Пәндік олимпиадаға жоғары оқу орындарынан әрбір білім беру бағдарламасы бойынша 3 және 4 курс студенттерінен 3 адамға дейін қатыса алады. Қатысушылар өздерімен бірге жеке куәлігін алып келуі тиіс.
Олимпиада екі кезең бойынша өткізіледі:
-
тестілеу;
-
теориялық және практикалық (ситуациялық, зертханалық) тапсырмаларды орындау.
Олимпиадаға шығарылатын пәндер тізімі білім беру бағдарламалары бойынша 1-қосымшада және университеттің ресми сайтында жарияланған: www.kaznaru.edu.kz
Маңызды: олимпиада тек жеке түрде өткізіледі. Командалық қатысу қарастырылмаған және бағаланбайды.
Жұмыс тілдері: қазақ және орыс тілдері.
Бағдарлама:
-
2026 жылғы 28 сәуір – олимпиаданың ашылуы, І және ІІ турлардың өткізілуі;
-
2026 жылғы 29 сәуір – жеңімпаздарды марапаттау, олимпиаданың жабылуы.
Олимпиаданың бірінші (университетішілік) кезеңінің қорытындысы бойынша қатысушылар 2026 жылғы 22 сәуірге дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына төмендегі құжаттарды жолдауы қажет:
-
олимпиаданың І кезеңі қорытындысы туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған сканерленген хат немесе ІІ кезеңге қатысуға ұсыным хаттамасымен рәсімделген жоғары оқу орны Ғылыми кеңесінің шешімі;
-
қатысушының өтінімі; Өтінім беру формасын жүктеу
-
қатысушының жеке куәлігі/паспортының сканерленген көшірмесі.
Электрондық пошта: kymbat.karimova@kaznaru.edu.kz
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:
050010, Алматы қ., Абай даңғылы, 8,
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті,
бас оқу ғимараты, 46-кабинет.
050010, Алматы қ., Абай даңғылы, 8,
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті,
бас оқу ғимараты, 46-кабинет.
Байланыс телефондары:
8 705 196 21 00 (Азамат)
8 708 994 55 81 (Қымбат)
8 705 196 21 00 (Азамат)
8 708 994 55 81 (Қымбат)