Белсенді демалыс: Вет-24-18А тобының студенттері «Жапон жолын» бағындырды
Тәрбие жұмысы жоспары аясында Н.У. Базанова атындағы жануарлар биологиясы кафедрасының кураторы Өтебаев Жасулан Маратұлының ұйымдастыруымен Вет-24-18А тобының студенттері «Ескі Жапон жолы» тарихи бағыты бойынша жаяу жорыққа шықты.
Шараның мақсаты — студенттердің денсаулығын нығайту және топ ішіндегі ауызбіршілікті арттыру. Жастар Іле Алатауының әсем табиғатын тамашалап, биік таулы нысандардың салыну тарихымен танысты және өңір экологиясын қорғаудың маңыздылығын талқылады. Мұндай шаралар болашақ ветеринария мамандарының төзімділігін арттырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастырады.


